26 қарашадан бастап "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012677 (MFDGb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

25.11.24 17:03
/KASE, 25.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 26 қарашасынан бастап "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00012677 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFDGb1; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 19.11.24 – 19.11.26; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2024-11-25]