"Береке" МҚҰ" АҚ KZ2C00012581 (MFBRb1) облигациялары балама
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
25.11.24 15:44
/KASE, 25.11.24/ – Қазақстан қор биржасының листингілік комиссиясы
(KASE) 2024 жылдың 25 қарашасында "Береке" МҚҰ" АҚ (Семей)
KZ2C00012581 (1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон,
жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларының баламалы алаңын
"облигациялар "санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 23 қазанында тіркелген
"Береке" МҚҰ" АҚ-ның жалпы сомасы 10,0 млрд теңгеге бірінші
облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.
"Береке" МҚҰ" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "ОРДА
Капитал" Басқарушы компаниясы" АҚ болып табылады.
Аталған облигацияларға MFBRb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
"Береке" МҚҰ" АҚ қызметінің негізгі түрі-микрокредиттер беру.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-11-25]