"Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007540 (KFUSb21) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

25.11.24 09:27
/KASE, 25.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қарашасынан бастап"Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00007540 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb21; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 25.11.22 – 25.11.24; жылдық купон, жылдық 9,50%; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2021 жылдың 02 маусымнан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 30 қарашасынан бастап ашылды. [2024-11-25]