25 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012719 (MFLGb5) облигацияларымен сауда- саттық ашылады

22.11.24 12:30
/KASE, 22.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қарашасынан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012719 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb5; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFLGb5/ [2024-11-22]