/ӨЗГЕРТІЛДІ/ 22 қарашадан Қазақстан қор биржасында iShares 20+ Year Treasury Bond US4642874329 (TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-саттығы тоқтатылады

21.11.24 18:14
/KASE, 21.11.24 сауданы қайта бастау күні өзгертілді/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 қарашасынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 02 желтоқсанына, және одан кейінгі күндерге келетін iShares 20+ Year Treasury Bond US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 02 желтоқсанында, көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 желтоқсаннан бастап қайта басталады. [2024-11-22]