Kaspi.kz АҚ акционерлері 2024 жылдың үшінші тоқсанында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

21.11.24 10:47
/KASE, 21.11.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Kaspi.kz АҚ (Алматы) 2024 жылдың 19 қарашасында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, 2024 жылдың үшінші тоқсанында бір акцияға 850 теңге мөлшерінде жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер төлеудің басталу күні – 2024 жылдың 19 қарашасы. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KSPI/kspi_special_shareholders_meeting_results_191124_8.pdf [2024-11-21]