20 қарашадан бастап "Birinchi Lombard" ЖШС KZ2P00012578 (MFBLb4) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

20.11.24 14:21
/KASE, 20.11.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қарашасында "Birinchi Lombard" ЖШС (Алматы) KZ2P00012578 (MFBLb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 20 қарашасынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFBLb4/ [2024-11-20]