"Сейф-Ломбард" ЖШС өзінің KZ2P00008097 (MFSLb1)
облигацияларының өтелгені туралы хабарлады
20.11.24 09:47
/KASE, 20.11.24/ – "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) Қазақстан қор
биржасына (KASE) 2024 жылдың 19 қарашасында өзінің KZ2P00008097
(MFSLb1) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, өтеу шеңберінде
көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – 12-шi купондық сыйақы төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің
жалпы сомасы 850 190 400 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 821 440 000 теңге, 12-шi
купондық сыйақы – 28 750 400 теңге.
[2024-11-20]