/KASE, 19.11.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қарашасында "Қазақстан
Халық Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00012482 "жасыл" облигациялары
(HSBKb22; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл; өзгермелі жарты жылдық
купон – TONIA Compounded + тиянақталған маржа, маржа мөлшерлемесі
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу
қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365) негізгі
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 19 қарашасынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/bonds/show/HSBKb22/
[2024-11-19]