/KASE, 19.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
21 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ
(Алматы) KZ2C00011732 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық
облигациялар" санаты, CCBNb36) облигацияларын төмендегі шарттарда
(Астана қ.уақыты) оларға жазылу арқылы орналастыру жүргізілетінін
хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк
ЦентрКредит" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
--------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: дисконттық облигациялар
ISIN: KZ2C00011732
KASE сауда-саттық коды: CCBNb36
Номиналды құны, АҚШ доллары: 10 000
Шығарылым көлемі, АҚШ доллары:
- тіркелген: 50 000 000
- орналастырылған (номинал бойынша): 4 000 000
Айналымның басталу күні: 09.08.24
Айналымның соңғы күні: 08.02.25
Өтеудің басталу күні: 09.02.25
Өтінім беру мерзімі: 180 күн
Уақыттық база: 30 / 360
-------------------------------------------- -----------------------
Жазылым күні: 21.11.24
Орналастырудың номиналды көлемі, 46 000 000
АҚШ доллары:
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:00
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 21.11.24, 14:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 21.11.24, 14:30
--------------------------------------------------------------------
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай
мәліметтер кіреді:
1)жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2)Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;
3)жеке тұлғаның азаматтығы немесе заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны
заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған мемлекет.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына
сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/membership
Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb36
[2024-11-19]