"Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) KZ2P00012578 (MFBLb4) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

18.11.24 16:22
/KASE, 18.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қарашасында "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) (Алматы) KZ2P00012578 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2022 жылғы 20 желтоқсанда тіркелген 5,0 млрд теңге сомасына "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші болып табылады. "Birinshi Lombard" ЖШС (бірінді Ломбард) қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға MFBLb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-11-18]