KASE "Кселл" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді
15.11.24 16:57
/KASE, 15.11.24/ – 15 қарашада Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент
күні" жобасы аясында "Кселл" АҚ басшылығының инвесторлармен, бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен
онлайн-кездесуін өткізді.
Кездесу "Кселл" АҚ-ның 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы
қаржылық нәтижелеріне арналды.
Іс-шараға "Кселл" АҚ Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі Сәбигат
Рахметов және "Кселл"АҚ Бас коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі
Ольга Цой қатысты.
Эмитент өкілдері "Кселл" АҚ-ның 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз
айындағы қаржылық нәтижелері туралы айтып, кездесуге қатысушылардың
сұрақтарына жауап берді.
[2024-11-15]