/KASE, 15.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы қазан
айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- 2024 жылғы қазанда KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 36,2
трлн теңгені құрады және қыркүйекке қарағанда 2,5 %-ға немесе 879,3
млрд теңгеге өсті.
- Қазан айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 0,8 %-ға
өсіп, 5 213,61 тармақты құрады.
- Акциялар нарығын капиталдандыру 0,5 %-ға 31,7 трлн теңгеге дейін
өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 3,0 %-ға 13,8 трлн
теңгеге дейін төмендеді.
- Қазан айында листинг процедурасынан төрт жаңа эмитенттің
корпоративтік облигациялары өтті.
- 2024 жылдың 01 қарашасындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық
тізімдерінде 745 эмитенттердің 257 атауындағы мемлекеттік емес
бағалы қағаздар болды.
Бағалы қағаздар, шетел валюталары, ақша, репо және валюталық своп
операциялары, деривативтер нарықтарының көрсеткіштерін, сондай-ақ
негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE
интернет-ресурсында жарияланған KASE баспасөз мәлімдемесінде
ұсынылған:
-
https://kase.kz/files/press/kz/15_11_2024_Itogi_october_kaz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/15_11_2024_Itogi_october_rus.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/en/15_11_2024_Itogi_october_eng.pdf –
ағылшын тілінде.
[2024-11-15]