Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2252216937 (EBRDe12)
халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды
12.11.24 10:45
/KASE, 12.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
12 қарашасынан бастап Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің
XS2252216937 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe12; 80,0 млрд теңге,
12.11.20 – 12.11.24; қалқымалы жарты жылдық купон, соңғы купондық
кезеңге жылдық 12,21%; actual/360) айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің" халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2020 жылдың 12 қарашасынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2020 жылдың 30 желтоқсанынан
бастап ашылды.
[2024-11-12]