Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2404974508 (EBRDe14)
халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды
11.11.24 09:43
/KASE, 11.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
11 қарашасынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің
XS2404974508 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EBRDe14; 12,5 млрд теңге; 11.11.21 – 11.11.24; құбылмалы
тоқсандық купон, TONIA + 0 %; actual/365) халықаралық облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE тізімінен шығарылғанын
хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2021 жылдың 10 қарашасынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 27 желтоқсанынан
бастап ашылды.
[2024-11-11]