"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012698 (BTRKb17) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

06.11.24 17:37
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 06 қарашасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00012698 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 16 ай; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2023 жылдың 23 қазанында 1,5 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ тоғызыншы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 14-ші болып табылады. Аталған облигацияларға BTRKb17 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-11-06]