/KASE, 05.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 қарашасынан
бастап BI Development Ltd. жеке компаниясы (Астана) KZ2D00012457 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BIGDb1; 1 000 теңге, 15,0 млрд
теңге; 31.10.24-31.10.26; жартыжылдық купон, жылдық 17,25%; 30/360)
облигацияларының KASE сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/BIGDb1/
[2024-11-05]