"Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00012651
(MFMOb10) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты
бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
01.11.24 16:51
/KASE, 01.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 01 қарашасында "Mogo Kazakhstan (Мого
Казахстан)" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00012651 ($100, $5,0 млн; 2 жыл;
тоқсандық купон, жылдық 12,00%; 30/360) "Mogo Kazakhstan "МҚҰ (Мого
Казахстан)"ЖШС облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2021 жылдың 20 тамызында 15,0 млн
АҚШ доллары сомасына тіркелген "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)"
МҚҰ" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші болып
табылады.
"Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ" ЖШС қаржы кеңесшісі "Teniz
Capital Investment Banking "АҚ болып табылады.
Аталған облигацияларға MFMOb10 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-11-01]