"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өзінің KZ2C00006153 (KZAPb2)
облигацияларының өтелгені туралы хабарлады
30.10.24 10:40
/KASE, 30.10.24/ – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (Астана) Қазақстан қор
биржасына (KASE) 2024 жылдың 28 қазанында өзінің KZ2C00006153
(KZAPb2) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, оның шеңберінде
көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – алтыншы купондық сыйақы
төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің
жалпы сомасы 87 791 666 666, 67 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 87 500 000 000 алтыншы
купондық сыйақы – 291 666 666,67 теңгені құрады.
[2024-10-30]