"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
29.10.24 17:42
/KASE, 29.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 521 697 218 дана;
- компанияның 493 697 218 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" РММ
болып табылады.
[2024-10-29]