BI Development Ltd. жеке компаниясының KZ2D00012457 (BIGDb1) және Kz2d00012531 (BIGDb2) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

29.10.24 17:17
/KASE, 29.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 29 қазанында BI Development Ltd. жеке компаниясының (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2D00012457 (1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360). - KZ2D00012531 ($100, $15,0 млн; 2 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360). Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. BI Development Ltd жеке компаниясының қаржылық кеңесшісі. "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. BI Development Ltd. жеке компаниясының KZ2D00012457 облигацияларының шығарылым, 2024 жылғы 14 қазанда 100,0 млрд теңге сомасына тіркелген, бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. BI Development Ltd. жеке компаниясының KZ2D00012531облигацияларының шығарылым, 2024 жылғы 14 қазанда 100,0 млрд АҚШ доллары сомасына тіркелген, екінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. Аталған облигацияларға сәйкесінше BIGDb1 және BIGDb2 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-10-29]