"Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00012305
(MFMOb7) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты
бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті
29.10.24 11:40
/KASE, 29.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 29 қазанында "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)"
МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00012305 (1 000 теңге, 1,4 млрд теңге; 2 жыл;
тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын баламалы
алаңының "облигациялар "санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы 2021 жылдың 20 тамызында
жалпы сомасы 7,0 млрд теңгеге тіркелген "Mogo Kazakhstan (Мого
Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде
екінші болып табылады.
"Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) "Mogo Kazakhstan (Мого
Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС қаржы кеңесшісі болып табылады.
Аталған облигацияларға MFMOb7 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-10-29]