29 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында US1729674242 (C_KZ) Citigroup Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.

28.10.24 17:42
/KASE, 28.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 қазанынан бастап , орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 04 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, American Electric Citigroup Inc. (АҚШ) US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 04 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 06 қарашасынан бастап қайта басталады. [2024-10-28]