/KASE, 28.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2024 жылдың 24 қазанында "Mogo Kazakhstan "МҚҰ
(Мого Казахстан)" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларының баламалы
алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2P00012545 (MFMOb8; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай
сайынғы купон, жылдық 21,00 %; 30/360);
- KZ2P00012552 (MFMOb9; $100, $2,0 млн; 360 күн; ай сайынғы купон,
жылдық 11,00 %; 30/360).
Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 29 қазанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/MFMO/
[2024-10-28]