"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ XS2399149694 (SKKZe1) өзінің облигациялары бойынша алтыншы купонын төлегені туралы хабарлады

28.10.24 14:27
/KASE, 28.10.24/ "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" (Астана) Қазақстан қор биржасына 2024 жылдың 24 қазанында XS2399149694 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZe1) өзінің облигациялары бойынша алтыншы купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес сыйақы 5 000 000 АҚШ доллар көлемінде төленді. [2024-10-28]