"Еуразиялық банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.10.24 11:12
/KASE, 28.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 096 038 900 дана,
артықшылықты акциялар саны – 3 000 000 дана;
- банктің 20 960 389 жай акциялары орналастырылған, банктің артықшылықты
акциялары орналастырылмаған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ" АҚ болып табылады.
[2024-10-28]