28 қазаннан бастап "Алтын Сапа АLМ" ЖШС KZ2P00009962 (ALSPb1)
облигациялары олардың жойылуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылады
24.10.24 11:35
/KASE, 24.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 қазанынан
бастап "Алтын Сапа АLМ" ЖШС (Астана) KZ2P00009962 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, ALSPb1; 1 000 теңге, 6,0 млрд.теңге; 05.09.23 –
05.09.26; жарты жылдық купон, жылдық 25,00 %; 30/360) облигацияларының
жойылуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылатынын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 31 тамызынан бастап KASE ресми
тізімі баламалы алаңының "облигациялар" санатына енгізілді. Олармен
сауда-саттық 2023 жылдың 8 қыркүйегінде ашылды.
[2024-10-24]