23 қазаннан бастап, "Finsoft solution" ЖШС KZ2P00012412 (FSSLpp1) облигациялары KASE ресми тізімі "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

23.10.24 17:37
/KASE, 23.10.24/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қазанында "Finsoft solution" ЖШС (Алматы) KZ2P00012412 (FSSLpp1; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге, 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні – 2024 жылдың 23 қазаны. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат келесі сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/FSSLpp1/ [2024-10-23]