23 қазаннан бастап, "Интергаз Орталық Азия" АҚ KZ2C00012441 (INCApp5) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

23.10.24 17:23
/KASE, 23.10.24/ – Бұрын хабарланғандай,Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қазанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) KZ2C00012441 (INCApp5; 1 000 теңге, 17 830,0 млн теңге, 10 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру күні анықталады; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні – 2024 жылдың 23 қазаны. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мынадай сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/INCApp/ [2024-10-23]