/KASE, 22.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
24 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(МЕККАМ) KZK100000365 (MKM012_0159) мемлекеттік қысқа мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 393 047 500 500 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 88,1500 % (кірістілігі – жылдық 13,45 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдан 88,3747 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,16 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 24 қазанда болатын,
айналыс мерзімі 365 күн МЕККАМ KZK100000365 (MKM012_0159) орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі"
жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1531173/
[2024-10-22]