/ҚАЙТАЛАУ/ 28 қазан күні Қазақстан қор биржасында Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының 1,7 млн KZMJ00002079 (TKK113_207) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

22.10.24 09:46
/KASE, 22.10.24, 16.10.24 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 қазанында KASE сауда жүйесінде Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002079 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, TKK113_207; 1 000 теңге, 1 749 498 000 теңге; 113 ай; жылдық купон, жылдық 0,02%; 30/360) облигацияларының 1 749 498 данасын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00 – ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектеулі өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. https://kase.kz/ru/membership Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/gsecs/show/TKK113_207/ [2024-10-22]