Азия даму банкінің XS2541297557 (ASDBe12) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

22.10.24 09:43
/KASE, 22.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 қазанынан бастап Азия даму банкінің XS2541297557 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe12; 3 411 252 000 теңге; 20.10.22 – 22.10.24, тоқсандық купон, жылдық 14,50 %; actual/360) "жасыл" халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2022 жылдың 17 қазанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 31 қазанынан бастап ашылды. [2024-10-22]