22 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America Corporation US0605051046 (BAC_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

21.10.24 17:34
/KASE, 21.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 06 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Bank of America Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 06 06 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 желтоқсанынан бастап қайта басталады. [2024-10-21]