KASE Листингілік комиссиясы "Finsoft solution" ЖШС KZ2P00012412 (FSSLpp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

21.10.24 10:37
/KASE, 21.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қазанында "Finsoft solution" ЖШС (Алматы) KZ2P00012412 (1 000 теңге, 2,5 млрд теңге, 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға FSSLpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-10-21]