KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ KZ2C00012441 (INCApp5) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

21.10.24 10:34
/KASE, 21.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қазанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) KZ2C00012441 (1 000 теңге, 17 830,0 млн теңге, 10 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру күні анықталады; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға INCApp5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-10-21]