"My Car Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00011968 (MFMCb2) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

21.10.24 10:10
/KASE, 21.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қазанында "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00011968 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; жарты-жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 09 ақпанында 20,0 млрд теңге сомасына тіркеген "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады. Аталған облигацияларға MFMCb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-10-21]