/KASE, 18.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) KASE-ге
2024 жылдың 18 қазанындағы мынадай баспасөз хабарламасын ұсынды:
дәйексөздің басы
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес құрылымы)
ODDO BHF SE банкімен және Австрияның OeKB Экспорттық-кредиттік
агенттігімен бірлесіп Еуропаның экспорттық-кредиттік агенттіктерінің
қолдауымен тауарлар импортын қаржыландыру мәселелері бойынша
семинар өткізді.
Семинар жұмысына Қазақстан, Германия, Австрия, Әзербайжан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Армения, Грузия және Тәжікстанның қаржы, корпоративтік және
өндірістік секторларының өкілдері қатысты.
Іс-шарада халықаралық қаржыландыру және экспорттық сақтандыру
саласындағы өзекті үрдістер мен тетіктер талқыланды, сондай-ақ нәтижелі
жүзеге асырылған жобалардың тиімді стратегиялары мен практикалық
кейстері қаралды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_relizs_181024_1.pdf
[2024-10-18]