Қазақстан Қаржы министрлігі 15 қазан күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ KZK100001111 (MUM168_0005) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,12 %-бен орналастыра отырып, 7,6 млрд теңге тартты

17.10.24 17:45
/KASE, 17.10.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 15 қазанында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ KZK100001111 (MUM168_0005) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 17 қазанында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 7 599 997 725,6 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 15 қазан күні Қазақстан қор биржасында 8,4 млн МЕУКАМ KZKD00001111 (MUM168_0005) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,12 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1530831/ [2024-10-17]