"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 16 қазанда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысын жариялады

17.10.24 09:55
/KASE, 17.10.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың 16 қазанындағы төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: дәйексөздің басы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "Қазатомөнеркәсіп" немесе "Компания") 2024 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Астана қ., Нұра ауданы, Сығанақ к-сі, 17/12 құрылыс, 3-қабат мекенжайы бойынша жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта (GMT+5) өткен Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – "Жиналыс") отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерін хабарлайды. ... Мүдделігі бар ірі мәміле жасау туралы Жиналыстың шешімімен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "KAP Logistics" ЖШС және "Taiqonyr Qyshqyl Zauyty" ЖШС арасында "KAP Logistics" ЖШС-ның "Taiqonyr Qyshqyl Zauyty" ЖШС-мен 2027-2043 жылдар аралығында күкірт қышқылын сатып алу жөніндегі бұрын жасалған офтейк-келісімшарты бойынша міндеттемелерін орындау үшін кепілдік келісімін бекіту мақұлданды. Офтейк-келісімшарттың шарттарына сәйкес, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ тобындағы уран өндіруші кәсіпорындардың қажетті өнімді алу жұмыстарын химиялық реагентпен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, күкірт қышқылының жеткізілімі "Taiqonyr Qyshqyl Zauyty" ЖШС-нің Түркістан облысы Тайконыр ауылындағы зауытынан жылына 800 мың тоннаға дейін көлемде жүзеге асырылады. Қазатомөнеркәсіп компаниясының кепілдік шарты бойынша міндеттемелердің сомасы "KAP Logistics" ЖШС-нің офтейк-келісімшарт бойынша міндеттемелерінің сомасына сәйкес келеді. дәйексөздің соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_relizs_161024_23.pdf [2024-10-17]