15 қазаннан бастап Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002079 (TKK113_207) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

15.10.24 18:00
/KASE, 15.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 15 қазанынан бастап Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002079 (1 000 теңге, 1 749 498 000 теңге; 113 ай; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталған облигацияларға TKK113_207 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялар жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрғын үйді сатып алу мақсатында шығарылды. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/gsecs/show/TKK113_207/ [2024-10-15]