/KASE, 15.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 қазанынан
бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00012362 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, MFSLb6; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл;
өзгермелі тоқсандық купон, бірінші купондық кезең үшін жылдық 21,00 %;
30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/MFSLb6/
[2024-10-15]