16 қазанда KASE 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы іс-шаралардың қорытындылары бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізеді

15.10.24 16:50
/KASE, 15.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 қазанында сағат 11:00-де қазақстандық биржалық нарық жұмысының 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы іс-шаралардың қорытындылары бойынша онлайн баспасөз конференциясы өтетінін хабарлайды. Коференцияның барысында KASE қызметі, KASE жобаларын іске асыру, сондай-ақ есептік кезеңдегі қор нарығының трендтері туралы ақпарат ұсынылады. Іс-шараның спикері – KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген. Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz электронды поштасы арқылы тіркелуі қажет. Бұл іс-шара Алматы қ., Байзақов көш. 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің солтүстік мұнарасы, 1-қабат, KASE баспасөз залында өтеді. KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізу оның ашықтықты көздейтін ақпараттық саясатының бір бөлігі болып табылады. [2024-10-15]