15 қазан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қазанда болатын МЕОКАМ KZKD00000679 (MUM060_0052) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

15.10.24 15:24
/KASE, 15.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 17 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕОКАМ KZKD00000679 (MUM060_0052) мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 28 111 076 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 96,0647 % (кірістілігі – жылдық 13,00%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 96,0725 % құрады (кірістілігі – жылдық 12,99 %). Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қазанда болатын, өтеуге дейін мерзімі 1,8 жыл МЕОКАМ KZKD00000679 (MUM060_0052) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтеді" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1530735/ [2024-10-15]