15 қазанда KASE-де есептесуі 17 қазанда болатын МЕУКАМ KZKD00001111 (MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

15.10.24 15:18
/KASE, 15.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 17 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00001111 (MUM168_0005) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 8 423 006 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 83,8986 % % (кірістілігі – жылдық 13,15 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 84,0506 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,12 %). Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қазанда болатын, өтеуге дейін мерзімі 10,4 жыл МЕУКАМ KZKD00001111 (MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтеді" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1530729/ [2024-10-15]