15 қазаннан бастап KASE-де "Сейф-Ломбард" ЖШС-ның KZ2P00012313 (MFSLb4) және KZ2P00012339 (MFSLb5) облигацияларымен сауда- саттық ашылады

14.10.24 16:36
/KASE, 14.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 қазанынан бастап KASE-де "Сейф-Ломбард" ЖШС-ның (Алматы) келесі облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды: - KZ2P00012313 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, MFSLb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге, 1,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360); - KZ2P00012339 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, MFSLb5; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге, 2,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360). KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасымен көрсетілген облигацияның "кір" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/issuers/MFSL/ [2024-10-14]