KASE Директорлар кеңесі "BCC Invest" АҚ-ны "валюталық" санаты
бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдады
14.10.24 10:31
/KASE, 14.10.24/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE)
2024 жылдың 10 қазанындағы шешімімен "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес
ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы, атауында – "BCC Invest" АҚ) "валюталық"
санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды.
Осы санат бойынша мүшелік шетел валюталарымен биржалық сауда-
саттыққа қатысу құқығын береді.
Директорлар кеңесінің осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
[2024-10-14]