Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS1120709669,
US486661AE13 (KZ_05_2410) халықаралық облигациялары айналыс
мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
14.10.24 09:58
/KASE, 14.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 14 қазаннан
бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS1120709669,
US486661AE13 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_05_2410;
$1 500,0 млн; 14.10.14 – 14.10.24; жартыжылдық купон, жылдық 3,875 %;
30/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар"
секторына 2014 жылдың 29 қазанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-
саттық 2014 жылдың 29 қазанынан бастап ашылды.
[2024-10-14]