14 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035
(PFE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
11.10.24 11:27
/KASE, 11.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 қазанынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
08 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Pfizer Inc. (АҚШ)
US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-
саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 08 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 қарашасыннан
бастап қайта басталады.
[2024-10-11]