10 қазаннан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00011729 (MFSLb3) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

09.10.24 16:00
/KASE, 09.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 10 қазанынан бастап "Сейф-ломбард" (Алматы) KZ2P00011729 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSLb3; 1 000 теңге; 3,0 млрд теңге; 02.10.24 – 02.10.26; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2024-10-09]