Бүгін Қазақстан қор биржасында "Алтын Сапа ALM" ЖШС-тің 6,0 млн KZ2P00009962 (ALSPb1) облигацияларын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

09.10.24 09:05
/KASE, 09.10.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "Алтын Сапа ALM" ЖШС (Алматы) KZ2P00009962 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ALSPb1) облигацияларын кері сатып алу бойынша төменде берілген шарттарда (Астана қ. уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілед. ---------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2P00009962 KASE сауда-саттық коды: ALSPb1 Номиналды құны, теңге: 1 000 Шығарылым көлемі, теңге: – тіркелген: 6 000 000 000 – орналастырылған: 6 000 000 000 Айналыстың басталу күні: 05.09.23 Айналыста болудың соңғы күні: 04.09.26 Өтеудің басталу күні: 05.09.26 Айналымда болу мерзімі: 3 жыл (1 080 күн) Купон мөлшерлемесі: жылдық 25,00 % Купонды төлеу кезеңділігі: жылына 2 рет Купонды төлеу кезеңділігі: 05 наурызда және 05 қыркүйекте екте 30 / 360 ------------------------------------------- -------------------------------- Сауда-саттық күні: 09.10.24 Кері сатып алудың жарияланған көлемі,теңге: 6 000 000 Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:00 Кесім уақыты: 11:30 (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 09.10.24, 11:30 Өтінімдерді кесу әдісі: кесімдеу бағасына тең немесе одан жоғары өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Teniz Capital Investment Banking" АҚ ---------------------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде теңгемен үтірден кейінгі екінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза емес" бағасы (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) теңгемен үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген туындысы көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/membership Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb68/ [2024-10-09]